Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Сегізінші күн
Сегізінші күн
Рейтинг: 0
ISBN:
9965-18-140-3
Беттер саны:
548
Жанр:
Сегізінші күн

Уайлдердің “Сегізінші күн” романы жазушының жиырма жылдай “үнсіздігінен” кейін жарыққа шығады. Аталмыш шығарма оқырмандарға жазушының табиғи дарынын тағы бір дәлелдегендей еді. “Сегізінші күнді” жазарда яғни, 60-жылдардың басында Т.Уайлдер қым-қуыт күнделікті тіршіліктен алшақтау үшін әдейі Аризона штатына қоныс тебеді. Романда жазушы өзі іздеген көптеген жаратылыс сұрақтарына жауап береді, сонымен бірге осы шығармасы арқылы бұоынғы жазылған дүниелеріне толықтырулар жүргізген. Т.Уайлдердің жаратушы мен болмыс, жақсылық пен жамандық, адалдық пен адамдықтың мәнісін ашуды өзіне мақсат еткені романы анық  сезіледі. Жазушы “Сегізінші күнде” Америкадағы буржуазиялық қоғам қайшылықтарын бүкпесіз шынайы суреттеген, оқырманның шығарманы жылы қабылдауының өзі осының айғағы.

Джером Дейвид Сэлинджер – Американың бірнеше буынын, әсіресе жастарын тәрбиелеген жазушы. Осы елді жаңарту тұрғысынан дүр сілкіндірген 1950-1960 жылдары Сэлинджер ең оқырманы көп қаламгерге айналды. Оның “жар жағалаған жалғыз” романы (орыс тіліне 1960 жылы “Над пропастью во ржи” деген атпен аударылған) америка қоғамының күрделі шындығын көркем зерделеуімен әлемдік маңызға ие болды.

 

Жар жағалаған жалғыз - 419 бет

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар