Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің...
Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжановтың «Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің» атты кітабы тоғыз бөлімнен тұрады. Кітапқа автордың әр жылдары жарияланған лирикалық өлеңдері, жыр – толғаулары, эпикалық жырлары, поэмалары, қысқа қайырымдары түгел дерлік топтастырылған. Жанға шуақ құйып, ізгі сезімдерді оятатын мейірімді һәм қиянат, қысастыққа қарсылық танытатын өршіл рухты поэзия туындылары ақыл-ой тереңдігімен, парасат – сана биіктігімен, тақырып аясының кеңдігімен, еркін қиял ұшқырлығымен, көркемдік ерекшелігімен, табиғи шынайылығымен тартымды. Ақынның туған ел мен жер-жаһанға арналған айрықша өлеңдері қазіргі қазақ поэзиясының ғаламға қанатын кең жайғанының жарқын көрінісі.