Сендер бəрің жақсысыңдар, адамдар!..
Есей Жеңісұлы – қазақ журналистикасына 1990 жылдардың соңында келген талантты толқынның өкілі. Еңбек жолын «Жас Алашта» бастап, өзі бала күнінен қызыққан спорт тақырыбында қалам тербеді, газеттің «Студент» қосымшасын жүргізді. Өзі тұрғылас жас журналистермен бірге «Жас қазақ» газетінің ақпарат майданына еркін араласуына күш салды. Бұл басылымда Есей қазақстандық саңлақ спортшылардың толық дерлік галереясын жасады. Бүгінде Е.Жеңісұлы – балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» газетінің Бас редакторы.
Қолыңыздағы кітап үш тараудан тұрады. Бірінші тарауға автордың түрлі басылымдардағы публицистикалық мақалалары топтастырылған. Екінші тарауға «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Ұлан» газеттерінде жарияланған спорт тақырыбындағы сұхбаттары, мақалалары, репортаждары жинастырылды. Үшінші тарауда автордың мөлтек сырлары, «Жас Алаш» газетінде – «Айна» айдары, «Жас қазақ» газетінде «Əуезе» айдары аясында жарық көрген толғаныстары бар.
Кітап көпшілік оқырманға арналады.