Сізге жазған хаттардан
Баспасөз бетінде сирек көрінетін Дәурен Берікқажыұлының аталмыш жинағындағы өлеңдер әр жылдары жарық көрген кітаптарынан алынып отыр. Кезінде Есенғали Раушан «Жас Алаш» газетінде ақжарма тілегін айтып, Темірхан Медетбек өзінің «алтынкөпірліктер» атты ауқымды сыни еңбегіне сыналап енгізген ақынның бұл да бір есеп беру еңбегі іспетті. Көру диапазоны кең, айтар ойы айқын шығармашылық иесінің сезім иірімдері өлеңсүйер көпшілікті бейжай қалдыра қоймас деп үміттенеміз.