Шығармалар жинағы Том 1
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, зерттеуші Тортай Қазиұлы Сәдуақастың осы шығармалар жинағының 1-томына бұрын жарық көрген және жаңадан жазылған өлең-жырлары, аңыз-хикаялары мен жыр-дастандары топтастырылған. Кітапта табиғат пен адамның арасындағы үйлесімді байланыс, сол табиғатты молайтушы қарапайым адамдарының жарқын бейнесі, жаңарған тәуелсіз еліміздің жетістіктері мен арман-мұраттары, махаббат сезімдері, сан алуан көңіл күйлері өлең өзегіне айналса, аңыз-хикаяларда өмірдің мың бір мысалы кең түрде кестеленеді.