Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Шығармалар
Шығармалар
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-7317-36-2
Беттер саны:
400
Жанр:
Шығармалар
ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті сынының дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, оны шын мəнінде əдеби, ғылыми жəне кəсіби деңгейге көтере білген са- наулы санаткердің бірі – Баламер Сахариев. Бұл салада отыз жылға жуық қалам қарымын танытқан ғалым сыншының сын таразысына салмаған тақырыбы, ой шолмаған жанры, көз қырына ілінбеген талант иесі жоқтың қасы. Соның ішінде, əсіресе М.О. Əуезов музей-үйінде ұзақ жыл ғылыми қызметкер болып істеген ол ұлы жазушының бай архивтік мұрасын зерделеп, зерттеудегі еңбегі ерекше. Бұл қызметте М.Əуезовтың «Абай жолы» эпопеясына қатысты өмірлік, деректік мате- риалдардан бастап, эпистолярлық шығармаларына дейін ғылыми сараптамалар жа- сай білген Б. Сахариевті алғашқы əуезовтанушылардың бірі десек те болады.

Сондай-ақ, қолыңыздағы жинаққа ғалым, сыншының С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды қазақ əдебиеті классиктерінің шығармашылығы, өмірден ерте озған А.Нұрқатов, Қ.Нұрмаханов, Қ.Мүсірепов т.б. өмірі мен қызметі туралы та- нымды, тағылымды еңбектері мен аудармалары топтастырылған. Осы жинаққа кірген ғалым шығармаларының қай-қайсысы да уақытпен бірге ескірмейтініне, бүгінгі жəне ертеңгі ұрпақтың кəдесіне жарай беретіне сеніміміз мол.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар