Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 7 том
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 7 том
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының «Тарих – адамзат ақыл- ойының қазынасы» атты сериясының 6-9 томдардағы материалдары «Әлемдік тарихи ой» деген атаумен беріледі. Бұл төрт кітапта топтастырылатын еңбектер тарих ғылымының теориясы мен жетілген зерттеу әдістерін, түрлі салалар мен бағыттардың қалыптасып, олардың күрделі ғылыми ағымдарға айналғанын бейнелеуді көздейді. Сондай-ақ тарих ғылымының зерттеу құралдары мен мүмкіндіктерін жаңа сапаға көтеруге мұрат тұтқан сәтті қадамдар жан-жақты көрсетілген.

Кітап оқырманды әлемдік тарих ғылымында қалыптасқан әр түрлі бағыттармен таныстыруды көздейді. Авторлар мен тарихи ой өкілдері алфавиттік жүйе бойынша топтастырылған. Аталған еңбектердің басым бөлігі бұрын-соңды қазақ тіліне аударылмаған. Кітап зерттеушілерге, жалпы білім беретін мекемелердің ұстаздары мен оқушыларына, аспиранттарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымына арналған.

Көп оқылғандар