Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Тілғұмырлар: (Қазақ лингвистері мен тіл жанашырлары)
Тілғұмырлар: (Қазақ лингвистері мен тіл жанашырлары)
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7172-33-6
Беттер саны:
400
Жанр:
Тілғұмырлар: (Қазақ лингвистері мен тіл жанашырлары)
Кітапта қазақ терминологиясының атасы атанған А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов, тіл тарландары І. Кеңесбаев, М. Балақаев және тіл мәртебесін биікке көтерген көптеген тілші ғалымдардың педагогтік және қоғамдық қызметі туралы жан-жақты баяндалған.

Сондай-ақ мұнда өз кезінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындаған С. Сейфуллин, ұлты үшін жаны күйген Ө. Жәнібеков, адалдық пен әділеттің жаршысы Н. Ондасынов, өлең сөздің білгірі З. Ахметов және сазгерлер Ш. Қалдаяқов пен І. Жақановтар туралы да көркем эссе тұрғысынан шебер баяндалған.

Еңбек қазақ тілі жанашырларына және жалпы оқырман көпшілікке арналған. Мемлекеттік тіл тағдырына қызығушы мамандар мен жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттері үшін де танымдық мәні бар.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар