Үркер
Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуы патша өкіметінің отаршылдық, қалың бұқараға жат саясатьша қарамастан, қазақ халқының өміріндегі аса бір елеулі саяси құбылыс болғаны, оның қазақтың елдік тұтасты-ғын сақтап, ұлттық дамуына прогресс жолын ашқаны бүгін бүкіл қоғам мойындаған шындыққа айналып отыр. Содан бергі 250 жылдан астам уақыт ішіндегі тарих сабағы қазір біздің көзімізді осыған жеткізді. «Россияға қосылған кезеңде Қазақстанда халық бұқарасын Мешеулікке, қараңғылық пен надандыққа душар еткен патриархтық-феодалдық қатынастар үстем еді. Әр түрлі жаулаушылар феодалдық бытыраңқылық пен өзара қырқысты Қазақстанға тонаушылық шапқыншылықтар жасау үшін пайдаланды... Қазақстанның Россияға қосылуы өлкенің шаруашылық және қоғамдық-саяси өмірін жандандыруға ықпал етіп, патриархтық-феодалдық негіздердің бұзылуын, табиғат байлықтарының игерілуін, өнеркәсіп ошақтарының жасалуын, егіншіліктін, өркендеуін шапшаңдатты. Демократияшыл орыс мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің таралуы қазақ халқының рухани өміріне игілікті әсер етті».
Халық тарихында өшпес із қалдырған осы бір маңызды оқиғаны зерттеу және көркем бейнелеу ісімен қазақ ғалымдары мен жазушылары көп жылдардан бері шұғылданып келеді. Қоғамдық өзгерістер мен халықтық ой-пікірдің әр жағдайдағы даму күйіне байланысты бұл мәселеге түрліше көзқарас туды, талас пікірлер де болмай қалған жоқ. Бүгін олардың бәрі — біздің өткен жолымыз. Соңғы жылдар ішінде жалпы қазақ тарихына байланысты жақа көзқарас туып қалыптасты.
Көптеген тарихи деректер қайта қаралып, толықтырылып, оларды нағыз ғылымдық әдіспен, шын-шылдықпен бағалауымызға жол ашылды. Бұған біздің ұлттық сана-сезіміміздін. өсуі де дүниеге, әлеуметтік шындық пен оның өзгерісті жолына маркстік-лениндік ілім үйреткен кеңшілік көзімен қарауға үйрене баста-ғанымыз да себеп болып отырғаны даусыз. Халық тарихына байланысты жаңаша ойлану —қазір советтік ұлттардың бәрінің басында болып отырған жай. Осы негізде олар елдің елдік салты мен халықтық игі дәстүрлері, оның тарихтың прогрестік жолына бет бұруы, сол істің басында тұрған халық өкілдері мен ұлттық сана-сезімінің оянуы сияқты мәселелерді терең қарасты-руға мүмкіндік алып отыр. Осы мәселеге арналған қазіргі қазақ әдебиетінің тәуір туындылары да бұл шындықты растайды.
Орыс-қазақ халықтарының тарихи байланысының түп негіздері мен олардың ынтымақтасуы жолының заңдылығын көркем бейнелеуге арналған туындылар ішінде Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы көрнекті орын алады. Әбіш романының тарихилық сипаты (историзм) күшті. Ол халықтар тарихының даму бағытында әлеуметтік өзгерістер негізінде қарайды. Адамдардың қай дәуірде болса да үмітті болашақтан күткенін, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсінеді. Көрші елдердің жан-жақты қыспағына тусіп, көшпелі өмір кешкен қазақтың да ендігі Жерде томаға-түйық, оқшау өмір сүруі мүмкін емес еді. Дүние жүзілік әлеуметтік тіршіліктің ірі козғалысқа түсуі, жаңа жерлердің ашылып, халықтар арасында байланыстың күшеюі, басып алу, бағыну шындықтары қазақ халқын да бұрынғы күйден қозғап, ізденіс жолына бағыттады. Осы жолда оның іздеп тапқаны — орыс халқы. Осы бір тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы «Үркерде» үлкен суреткерлікпен және ойшылдықпен бейнелейді. Үркер — маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр беріп тұрған, адастырмайтын жарық жұлдыз немесе жұлдыздар шоғыры. Орысқа қосылу арқылы қазақ тапқан жол да романда осылай ұғылады. Ұзақ көшпелі өмірден қажыған, қашқылықты-пысқылықты тіршілік көп кешкен, көп жауласқан қазақ та адаспайтын жолға шықты. Оның төбесінде үркер жанып тұр. Үркердің қарсы алдынан туғаны қазақ қашанда жақсылыққа жорыған, халық бойын билеген үміт оты осыған жетектейді. Адам табиғаты зорлықты, күштеуді сүймесе қашан да еркін болса, ол жалғыздыққа да, оңашалануға да сондай жат. Тіршілік үшін күрес оны айналасымен қарым-қатынасқа, тіл табысуға үйретті. Адамдар ынты-мақтастығы, туыстығы осылай туған. Оның негізінде куштеу, бағыну, бағындыру саясаты емес, түсінісу, мүдделестік, тағдырластық жатады. Осы жолмен әуелде тайпалық топтар арасында, кейін тұтас халықтар, елдер арасында байланыс ұлғайған. Қазақстанның Россияға еркімен- қосылуын да екі халықтың осындай тағдырластығы, мүдделестігі туғызды.
Әбіш романы қазақтар іздеп тапқан жолдың негізі осындай тарихи қажеттіктей туғаны туралы ойлатады. Оның екі халыққа да, олардың экономикалық, рухани дамуына да пандалы екеніне сендіреді. Романнық негізгі пафосын айқындайтын да осы идея.