V–ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы. Том I
Белгілі археолог-ғалым, профессор У.Х. Шәлекеновтың үш томдық ғылыми еңбектерінің бірінші томына «V–ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы» атты зерттеу еңбегі еніп отыр.
Кiтапта кешенді деректердің, соның ішінде жаңадан қол жеткен құнды археологиялық жәдігерлердің негізінде ертедегі ортағасырлық тарихи қала – Баласағұнның орналасқан жері нақтыланған, оның саяси, экономикалық және рухани мәдениеттің ірі орталығы болғаны баяндалған. Осы деректердің арқасында ғалымдарды алты ғасырдан бері мазалаған Баласағұнның орналасқан жері туралы жұмбақ шешілді.