Жауғашты Нәбиев – істің адамы
Бұл кітаптан сіз тек өзінің білімі мен еңбегіне сүйенген, алыс ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласының Үкіметтегі биік мансап сатысына қалай көтерілгенінің куәсі боласыз. Бірақ, ол ірі лауазымды иеленсе де, өзінің Елі мен Жеріне адал қызмет етуді өмірінің ең басты мәні деп білген азамат. Осы мақсат оны тәуелсіздік келгеннен кейін еселеген күш-жігермен жұмыс істеуге, бар қажыр-қайратын Қазақстанды гүлдендірер керемет экономикалық жобаларды жүзеге асыруға жетеледі.