Бүкіл өмірін заңгерлік қызыметтерге арнаған аяулы азамат, халық құрметіне бөленген, өз ісін терең меңгерген автордың қаламынан шыққан «Жолаушы» повесі бірден оқырманның жүрегін баурап алады. Оның басты себебі; заңгер өз мамандығын терең білуімен қатар қаламын жастайынан ұштаған жан. Оқырмандар Кәрім Жұмағалевтің ілгеріде жарық көрген «Өнерім-өмірім» атты жыр кітабын сүйсіне оқылуы да тегін емес.
Автордың бұдан бұрын Республикалық газеттер мен журналдарда жарық көрген әңгімелері де елдің жадында жақсы сақталған.
Жазушының шығармалары болған оқиғаларға негізделгендіктен, тілі көңілге қонымды, бояулары қанық. Сонымен қатар заңгерлік істегі көптеген сыры сыртадамға беймәлім жайлар айқындалып, шынайы суретімен оқырманды өзіне тартады. Кітап соңына дейін жалықтырмайды. Кітаптағы оқиғаның немен бітетінін білуге асығасың.
Көпшілікке ұсынылып отырған бұл кітап өз оқырмандарын табады деген сенімдеміз.