Жүрегім менің – жанартау
Жарық дүниедегі әр адам, тарихтағы әрбір тұлға бір ғана Жаратушы Аллаһтың құдыретімен бұл дүниеге келеді. Тарихи тұлғалар рухы мен таланты, еңбегі мен атағы қалың жұртқа мағлұм болып, Ел есінде сақталады.
Жарылқасын Аманұлы – тарихтағы осындай тосын талант, тұтас Тұлға! Кеңес заманында сауда жүйесінде оқып, қызмет жасап жүрген Жарылқасын ағаның рухы Құдіреттің күшімен күрт көтерілгені соншалықты – айналасы 4–5 жылдың ішінде өлең мұхитына күмп беріп кетіп, тапа-тал түсте жасындай жарқ ете түсті де, сол кездері әдебиеттің кең коридорында кере қарыс ойланып, еркін қадам басып жүрген Сырбай Мәуленов, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиевтермен қатар таланттар қатарына сап етіп тұра қалды! Оның жыр жолдарының биік рухын Бауыржан Момышұлы, Ғабит Мүсірепов, Хамит Ерғалиевтер бірден таныды. Жәкең содан бері әлденеше жыр кітаптарын жазған.
Соңғы жылдары Жарылқасын Аманұлы Иман, Рух, Заман, Дәуір, Қоғам және Адам туралы ойларын жинақтап, өлеңмен де, қарасөзбен де өрнектеп келді. Біз бұл кітапта ақсемсер ақын, сазгер, күйші, қас шебер, зергер – яғни қайраткер-қаламгердің, әсіресе, өмірінің соңғы жылдары өз жүрегінен жосылып шыққан өте биік рухтағы, азаматтық-лирикаға толы жырларын жинақтап ұсындық. Ақынның ойы – замана ақиқаты!..
Ақын Жарылқасын Аманұлы өткен – 2012 жылдың 30 маусымы күні таң жұлдыздары қайтар шақта дүние салды...
Жарылқасын-Ақын рухының самғауы енді басталады! Ақиқат рухты ардақтайтын Халық аман болсын! Халықты алдағы мыңжылдықтарға алып бара жатқан – Асыл ұрпақ аман болсын!!!