Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Жүрек сөзі
Жүрек сөзі
Рейтинг: 3.5
ISBN:
78-9965-35-980-4
Беттер саны:
336
Жанр:
Зерттеу
Жүрек сөзі
Белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлының бұл кітабына соңғы жылдары баспасөз бетінде жарық көрген эсселері, әдеби зерттеулері мен күнделік формасында берілген мөлтек сырлары енген. «Мәңгілік сәулесі» бөліміндегі сыншының эсселері ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық құдіретіне терең бойлап, шайырдың рухымен сырласа отырып, оның аянышты тағдырының сырын ашуға тырысқандығымен ерекшеленеді. Ал, ЖұмекенНәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Төлен Әбдікұлы, Темірхан Медетбексияқты ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы жазған әдеби зерттеулерінде Амангелді Кеңшілікұлы олардың поэзия мен прозамыздағы алатын орнын саралап, таланттарының сан қырлы сырына үңіледі. Күнделік формасындағы мөлтек сырларында рухани өмірімізде болып жатқан оқиғаларды таразылап, ұлттық рухымыз, өркениет әлемінде алатын орнымыз жөнінде ой толғайды. Кітап көпшілік қауымға арналған.

Көп оқылғандар