Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары
Aңшыбай батыр және оның ұрпақтары - Қырымның қырық батыры топтамасына енетін көлемді жыр. 1942 ж. ақын М.Хакімжанова Мұрын жырау Сеңгірбаевтың нұсқасынан хатқа түсірген. 7-8 буынды жыр, 11 буынды қара өлең өлшемімен жырланған. Жыр генеалогиялық негізде топтастырылған. Аңшыбай, Парпария, Құлтықия, Едіге, Нұрадин, Мұсахан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази - бәрі де бір ата тектен тараған батырлар. Жырдың бастапқы бөлігі аңыздық-эпик. желіге қүрылса да, өзге салаларының тарихи негізі бар. Тоқтамыс, Сәтемір, Ағыбай, Қожан, Шаппаз, Шамақан - тарихи прототипі бар тұлғалар. Жырдың тарихи этник. арқауы ондағы толып жатқан ономастик. атаулардан да байқалады (Хиуа, Үргеніш т.б.). Осының бәрі жырдың тараған аймағы. геогр. шегін де айқындап түрған мәліметтер. Жыр Батырлар жырының 5-томында толық жарияланған (1989).
Көп оқылғандар
04.11.2026
2897
03.11.2026
2286
01.11.2026
1740
03.11.2026
1174
02.11.2026
1102
03.11.2026
947
31.10.2026
941
03.11.2026
926
30.10.2026
907
31.10.2026
793
03.11.2026
790
30.10.2026
768
03.11.2026
766
02.11.2026
611
21.10.2026
4523
22.10.2026
4352
28.10.2026
4267
07.10.2026
3676
20.10.2026
3472
15.10.2026
3271
09.10.2026
3184
28.10.2026
3112
20.10.2026
3034
04.11.2026
2897
16.10.2026
2642
09.10.2026
2424
03.11.2026
2286
08.10.2026
2206
