Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«150 жылдыққа – 150 шақырым» тұңғыш қысқы велошеру...

11.02.2022 2282

«150 жылдыққа – 150 шақырым» тұңғыш қысқы велошеруі 12+

«150 жылдыққа – 150 шақырым» тұңғыш қысқы велошеруі - adebiportal.kz

«150 жылдыққа 150 шақырым» велошеруі мемлекет және қоғам қайраткері, тау тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын насихаттауға жеке бастамамен үлес қосу мақсатында өткізілді.

Велошеру 10 ақпанда, бейсенбі күні, таңертеңгі сағат 8:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Триатлон-парк» аумағында бастау алды.

Велошеру соло (solo) тәсілінде өтеді, яғни бір ғана адам қатысады. Қатысушы – ағылшын тілінің маманы, журналист, әуесқой велошабандоз Ернат Қашқынов.

Іс-шараның бірнеше мақсаты бар:

1) Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірін, ұлтқа сіңірген қызметі мен бай мұрасын тереңірек тану және танытуға, насихаттауға атсалысу;

2) Қалың жұртшылықты, әсіресе жастарды денсаулықтың қадірін білуге, теріс әдеттен аулақ болуға және саламатты өмір салтын тұрақты, сауатты ұстануға үндеу;

3) Тұлғатану арқылы елді, жерді сүюді, патриотизмді насихаттау;

4) Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны, табиғатты аялауға шақыру.

Ернат Мелсұлы бұған дейін 2018 жылы Астананың 30 жылдығына және туған жері Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының 90 жылдығына арналған 500 шақырымдық «Астана-Ақтоғай» велошеруін, 2019 жылы Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына және Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған 208 шақырымдық «Қарағанды-Жаңаарқа» велошеруін, 2020 жылы Абайдың 175 жылдығына арналған 1088 шақырымдық «Нұр-Сұлтан – Жидебай» велошеруін, 2021 жылы тамыз айында Ыбырай Алтынсарыұлының 180 жылдығына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына, Ыбырай Алтынсарин музейінің 30 жылдығына арналған 750 шақырымдық «Нұр-Сұлтан – Қостанай» велошеруін, қазан айында «Қазақ радиосының» 100 жылдығына арналған «100 жылдыққа – 100 шақырым» велошеруі, қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 28 жылдығына арналған 28 шақырымдық велошеруін өткізген.

«150 жылдыққа – 150 шақырым» тұңғыш қысқы велошеруі сәтті аяқталып, Қазақстанның алғашқы қысқы веломарафоны ретінде Қазақстан рекордтар кітабына («Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалық») жаңа рекорд болып тіркеліп, Ернат Қашқыновқа арнайы Куәлік табысталды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар