Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Аскер ПИРИЕВ. Алғыс айту - өткеннен сабақ, келешек...

01.03.2018 5883

Аскер ПИРИЕВ. Алғыс айту - өткеннен сабақ, келешекке үміт

Аскер ПИРИЕВ. Алғыс айту - өткеннен сабақ, келешекке үміт - adebiportal.kz

1 наурыз – “Алғыс айту күні” Қазақстанда екі жақты аталып өтетін тамаша мереке. Жалпы бұл мерекені үрдіске айналдыру керек деп ойлаймын. Неге десеңіз, соңғы үш жылда шыққан мереке ғой. Жалпы халықты, қоғамды біріктіріп, өткен замандағы қиын-қыстау кезеңді кейінгі жастар біле бермейді. Соны жастарға жеткізу аясында және өткен күннен сабақ алып, келешекке үмітпен қарау жағынан өте маңызды бір күн деп есептейміз.

Енді, кезінде қазақ еліне әр түрлі елден түрлі ұлттар мен ұлыстар жер аударылып келген. Сол кезде жергілікті қазақ халқы қол ұшын берген, бір тілім нан мен шаңырақтарымен бөліскен. Одан кейінгі жылдарда қоныс аударған халықтармен бірге қазақ халқымен бірге мына елдің өркениетіне, көркеюіне бірігіп үлес қосқан. Елбасымыз айтқандай, түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс. Мен айтар едім, жалпы алғыс айту деген нәрсе іштен бір келген сезім, тамаша сезім және адамды адамға жақындататын керемет құрал.

Соңғы уақытта “Алғыс айту күніне” байланысты әлеуметтік желі қолданушылары бір-біріне, “Мен, бірінші ата-анама алғыс айтамын…”, “Ұстазыма алғыс айтамын...”, кейбіреуі, “...досыма алғыс айтамын” – деп жазбалар қалдырып, ағынан жарылуда. Бұл – жақсы бастаманың жалғасы деп айтуға болады.

Жалпы келешекке қарайтын болсақ, келешекте не болмақ? Біріншіден, жастарға – алғыс айту күнінің түбі өткенімізді бағамдап, еске алу. Екіншіден, алғыс айтудың нәтижесінде адамдардың арасында жақындық қалыптасады, жақсы сезім пайда болады. Жақсы сезімдер көбейіп елге жайылатын болса, шынымен де Қазақстаннан шыққан сезім шуағы бүкіл әлемге тарайды деген үмітпен қарап отырмыз.

Тарихқа көз жүгіртіп қарайтын болсам, Қазақстанға ата-бабаларымыз сонау 1944 жылдың соңында вагондармен келіп, жер аударылған. Оларды ең жақын ауылдарға топ-топтап бөлген екен. Сол кездегі шаңырықтың иесі, марқұм атам бір қазақ жанұясына: “Ассалаумағалейкум” – деп сәлем береді. Әлгі үйдің ақсақалы: “Уағалейкумассалам, кіріңіз, төрлетіңіз, дастарханға келіңіз” деген кезде атам, артындағы әулетіне қарап: “Бұлар да сәлем беріп, сәлем алады екен, мұсылман екен әрі тіліңізді, айтқан сөздердің бәрін түсіндім мен”. Бұдан кейін “Біз аманбыз!” – депті.

Әкем – оқыған кісі еді. “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнін таңдаған, мұғалім болған.

Атам, әкеме айтыпты. Сол кезде ресми түрде болмаса да алғыс айту күні болған екен. Атам, халыққа алғыс білдіру үшін әкеме былай деп насихат еткен көрінеді: “Балам, сен қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқығың, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша мына халыққа қызмет еткің” - деп Пед.училищеге оқытқан. Әкем “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәнін мұғалімі ретінде елу жыл ұстаздық қызмет атқарған.

Мақаланың орысша нұсқасын мына жерден оқыңыз

Аскер Пириев

Астана қаласы түрік этномәдени орталығының төрағасы,

Қазақстан халықтар Ассамблея мүшесі


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар