Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада “Түрік фильмдері күні” өтпек...

09.03.2017 5522

Астанада “Түрік фильмдері күні” өтпек

Астанада  “Түрік фильмдері күні” өтпек - adebiportal.kz

Соңғы жылдары Түркияда кинематография саласы қарыштап дамып, түрік фильмдерінің танымалдылығы әлемнің көптеген елдерінде арта түсуде. Бүгіндері түрік телехикаяларының Қазақстанда да көптеп көрсетіліп, өз көрермендерін табуы – екі ел арасындағы мәдени байланыстың жарқын көрінісі екендігі анық.

9643b9e9c491b2ab590eb203f985737a.jpg

Қазіргі таңда телехикаялармен қоса, толық метражды фильмдердің де саны артып, өз көрермендерінің қошеметіне бөленуде. Осыны ескерген Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы 2017 жылы бауырлас ел Қазақстанның елордасы Астанада ай сайын бір түрік фильмін көрсетуді жоспарлауда.

Биылғы жыл Шанаққала (Çanakkale) шайқасының жеңісіне орай арнайы түсірілген «Соңғы хат» (Son Mektup) атты туынды елордалық көрермендерге ұсынылатын алғашқы фильм болмақ. Сценарийін жазған Өзхан Ерен. Басты рөлдерді Тансел Өнгел мен Несрин Джавадзаде сомдайды.

Әр халықтың тарих беттерінде ерекше ойып тұрып орын алған үлкен шайқастар болатыны сияқты, Түркия тарихында «Шанаққала шайқасы» өте маңызды рөлге ие. Фильмде біз осы сұрапыл шайқас кезінде жазылып, қырық жылдан кейін иесі табылған бір хаттың хикаясына куә боламыз. Ұшқыш Салих Экрем мен медбике Нихаль қатал соғыс жағдайында Фуат есімді жетім балаға пана болады. Ағылшындардың әуе соққысынан зардап шеккен Фуатқа сержант Салих пен Нихаль көмектесе жүріп, бір-бірімен етене жақындасуына себеп туындайды.

Айта кетерлігі, Астана тұрғындары мен қала қонақтары 2017 жылы орталығымыз тарапынан көрсетілетін барлық фильмдерді тегін тамашалай алады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар