Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Абай академиясы шақырады...

26.02.2024 554

Абай академиясы шақырады 14+

Абай академиясы шақырады - adebiportal.kz

2024 жылдың 27 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының атқарған жұмыстарының есебі және жарық көрген 12 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді. «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты 2019 жылдың 2-ші желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  тапсырмасымен құрылды.

Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» және «Абай – рухани реформатор» стратегиялық мақалаларында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында академия қазіргі таңға дейін арнайы сериялармен 84 ғылыми-танымдық кітап дайындап, жарыққа шығарды.

2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің тапсырысымен орындалған «Қазіргі Қазақстан және Абай Құнанбайұлының мұрасы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар аспектісінде» жобасының негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлын қазіргі заманғы Қазақстанның елдік мұратының темірқазығы, бір ел, тұтас ұлт болудың мәдени капиталы ретінде таныту мақсатында ғылыми-зерттеулер жүргізу. Жобаны іске асыруға еліміздегі белгілі абайтанушылар, зерттеуші ғалымдар, жас ізденушілер қатысты.

Жоба аясында: 

«Абай мұрасы және қазақстандық қоғамның мәдени құндылықтары», «Абайдың «Толық адам» ілімі және қоғамдық сананы жаңғырту», «Абай шығармашылығы және қазіргі қазақ әдебиетінің қалыптасуы», «Абай шығармаларының тілі және қазіргі тіл білімінің мәселелері», «Абай мұрасы контекстінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» т.б. арнайы сериялармен 12 ғылыми-танымдық еңбек жарық көрді. 

«Абай Құнанбайұлының мұрасы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар аспектісінде» бағытында алыс-жақын шетелдегі және республикалық БАҚ-та 50-ге жуық танымдық мақалалар жарияланды. 

«Абай – әлемдік мәдениет тұлғасы» бағыты бойынша 22 әлеуметтік-танымдық кейс дайындалды.

Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасына тарихи талдау жүргізу арқылы заманауи мультимедиялық технологияларды қолдана отырып «Толық адам» ғылыми-танымдық кешені дайындалды.

Абайдың терең оймен айшықталған дүниетанымы зерделенген кітаптардың авторлары: ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Е.Сыдықов; ф.ғ.к., доцент Ж.Әубәкір;  ф.ғ.д, профессор Т.Жұртбай; ф.ғ.д,, профессор Ж.Дәдебаев; ф.ғ.д., профессор Д.Ысқақұлы; ф.ғ.д., профессор А.Салқынбай;, ф.ғ.к., доцент Е.Тілешов;  ф.ғ.к., доцент Т.Қыдыр; Гуманитарлық ғылымдардың магистрі  Б.Тұрсынбайұлы; ф.ғ.к., қауымд. профессор Қ.Кемеңгер; Анкара Қажы Байрам Вели Университетінің қазіргі түркі тілдері және әдебиеттері кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Г.Құрманғалиева-Ерджиласун; т.ғ.к., доцент Ұ.Үмітқалиев.

Іс-шараға абайтанушы ғалымдар, зерттеу кітаптарының авторлары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады. 

Өтетін күні: 27.02.2024

Өтетін уақыты: 15:00

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі 2 (бас корпус), Ғылыми кеңес залы (206)


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар