Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған музыкал...

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті

14.11.2025

3120

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті - adebiportal.kz

Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «АБАЙ ӘЛЕМІ» атты музыкалық кеш өтті. Іс-шара ұлы ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Кеш барысында бұрын-соңды орындалмаған Абайдың шығармалары алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Жаңаша музыкалық өңдеулер мен заманауи аранжировкалар арқылы Абай мұрасы жаңғырып, көрерменге өзгеше әсер сыйлады.

Концерттік бағдарламада «Желсіз түнде жарық ай», «Көк тұман алдындағы келер заман», «Татьянаның хаты», «Қоңыр жел», «Кіші айдай», «Ақтолқын» және т.б. шығармалар орындалды.

Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері қатысты. Атай айтар болсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Ерболат Шалдыбеков, Айгүл Елшібаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Ерлан Рысқали, Толғанбай Сембаев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Күнсұлу Түрікпен, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Бауыржан Мұхаметбай, Дарын Құдайберген, Біржан Айтахмет, Айдос Саниязбек, Әлихан Дүйсенбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Жанту Дадабаев, Жаслан Кәрім, Дильназ Жанбырбай, Дәрия Бекпенбет, Рүстем Әмірбеков, Рүстем Нүркенов және Диана Алтайқызы секілді өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan