Швеция корольдік ғылым академиясының хабарлауынша биылғы Нобель сыйлығының лауреаты танзиялық Ұлыбритания жазушысы Абдулразах Гурна атанды. Бұл сыйлық жазушыға отаршылдықтың ауыр салдары мен босқындардың қиын да қилы тағдырын терең зерттеп, қасіретіне үңілген шығармалары үшін берілгені белгілі болды.
Абдулразах Гурнаның арғы тегі танзиялық. Жасы 73-те. Әдеби шығармаларын жас күнінен ағылшын тілінде жазып бастаған қаламгердің «Құлшылыққа барар жол», «Жұмақ», «Өзен жағасында», «Соңғы сыйлық» секілді ғажайып романдары бар.
Жазушы бір сұхбатында әлем әдебиетінің мақсаты жайлы айта отырып, оның негізгі атқарушы міндетіне ізгілік арқылы қоғамды тәрбиелеуді, дұрыс жолды нұсқауды жатқызады. «Қаламгерлер әлемдік идеяларға қарсы тұрғысы келеді. Бірақ бұл ойлары көркемдік, жанұялық, жыныстық моралдарға сәйкес келуі қажет. Ең қиыны жазушылардың қоғамда атқаратын рөліне оқырмандары ғана баға бере алады» дейді.
Гурна 1948 жылы Занзибар аралында араб ұлтынан шыққан мұсылман отбасында туған. 1968 жылы Ұлыбританияға көшіп келіп, Кент университетінде докторлық диссертациясын қорғайды.
2021 жылғы сыйлықтың қаржысы он миллион швед кронына тең болды (шамамен 1,2 миллион доллар).
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.