«Әдебиет порталының» «Жансусар» жобасына «Шырақ» кітап клубының қыз-жігіттері келіп, Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырауын» талдады. Клуб мүшелерінің символға толы, адамның ішкі әлемі, керек десеңіз шегінен асып кеткен амбициясы жайлы айтатын философиялық шығарманы таңдауларының өзі қандай!
«Шырақ» Астанадағы Алтынсарин атындағы мектептің ішінен құрылған клуб. Жетекшісі Кәмшат Сағатқызы математика мұғалімі. Талдауда қатысушылар шығарманың ерекше мән үстейтін тұстарына тоқталды, мысалы, құдықтың орнын таңдағанда жерге жатып, тың тыңдап, үстінен көп жылқы өткізіп, судың қай нүктеден шығатынын анықтау дегеннің өзі сол заман адамдарының ерекше сезімталдығын көрсететіні, тағы басқа ерекшеліктері айтылды. Сондай-ақ, «Біз басқа бір адамның тағдырына шешуші роль атқарып кетуіміз мүмкін» деген пікір де ойландырады. Ал,Фариза есімді мұғалімнің «Маңғыстауға барып осы жерді қарау керек, бар ма екен сол құдық?», – дегені оның оқырман ретінде қаншалықты әсерленгенін байқатса керек.
Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» арқылы әрқайсымызға өз ішімізді «қаздырып» отыр
29.04.2026
70
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты
қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған
жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
Бөлісу:
