«Әдеби көпірдің алтын діңгегі»

Кездесу барысында қазақ және өзбек әдебиетінің байланысы, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, әдеби мұраларды насихаттау және шығармашылық тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды. 

68

«Әдеби көпірдің алтын діңгегі» - adebiportal.kz

Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада “Әдеби көпірдің алтын діңгегі” тақырыбында Өзбекстан Жазушылар одағының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Мухиддин Абдусамад — Өзбекстан Жазушылар одағының жауапты хатшысы, делегация жетекшісі,  Мохира Эшполатова — Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, Масихуллох Мадаминов — Өзбекстан Жазушылар одағының Ақпараттық-талдау хатшылығының қызметкері, Шохсанам Нишонова — Өзбекстан Жазушылар одағының шығармашылық кеңестер хатшылығының қызметкері және Зохиджон Олов — Өзбекстан Жазушылар одағының Ташкент облыстық бөлімшесінің қызметкері қатысты. 

Кешті Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай жүргізіп, тағылымды шараның жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты. Рухани байланысты нығайтуға, қазақ-өзбек әдеби қарым-қатынасын дамытуға арналған басқосуға елімізге белгілі ақын-жазушылар, әдебиет пен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қазақ және өзбек әдебиетінің байланысы, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, әдеби мұраларды насихаттау және шығармашылық тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды. Қазақ пен өзбек халықтарын ғасырлар бойы жалғап келе жатқан ортақ тарих пен мәдени құндылықтар – әдеби байланыстардың да берік негізі. 

Осындай тағылымды жүздесулер қаламгерлер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтуге жол ашады.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan