Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Әдебиет порталы» Өнер университетіне 100 кітап сы...

«Әдебиет порталы» Өнер университетіне 100 кітап сыйлады

14.02.2026

3849

«Әдебиет порталы» Өнер университетіне 100 кітап сыйлады - adebiportal.kz

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай QazContent АҚ құрамындағы “Әдебиет порталы” Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымына 100 кітап сыйға тартты.

Сыйға берілген кітаптар қатарында қазақ әдебиетінің таңдаулы классикалық және заманауи туындылары, сондай-ақ гуманитарлық бағыттағы танымдық еңбектер бар. 

Игі бастама студент жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани құндылықтарды насихаттауға және ұлттық әдеби мұраны кеңінен танытуға бағытталған.

Бұл акция кітапты бөлісу мәдениетін қалыптастыруға, білім мен өнер ордалары арасындағы рухани байланысты нығайтуға үлес қосатын болады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan