Әдебиетке деген ықылас тоғыстырған кездесу

Прозаик Жадыра Шамұратовамен әдеби кездесу өтті. Басқосуға қаламгердің шығармаларын оқып жүрген оқырмандар, әдебиетке қызығушылық танытқан жастар мен студенттер жиналды.

Автормен жүздесуге келген оқырмандар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты. 

Әдебиетке деген ықылас тоғыстырған кездесу - adebiportal.kz

Жадыра Ғазизқызы Шамұратова 1979 жылы Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген. Автордың «Секундтар арасындағы шексіздік», «Айтылмаған сыр», «Қисық дүние» және «Сандық» атты прозалық жинақтары жарық көрген. Оның «Бейуақта ашылған құпия», «Сарымсақ қосылған ұлу еті», «Қара қазан», «Мылқаудың сыбыры» және басқа да туындылары түрлі әдеби байқауларда жүлделі орындарға ие болған.

Ол  оқырманға аудармашы ретінде де таныс, «Фолиант» баспасымен шығармашылық байланыс орнатып, әлем әдебиеті мен танымдық бағыттағы бірқатар еңбектерді қазақша сөйлетті. Атап айтқанда, «Рим. Ежелгі өркениеттің тарихы мен қазынасы», «Грекия. Ежелгі өркениеттің тарихы мен қазынасы»,  «Черчилль: Ерекше тағдыр... жарқын белестер», «Астана. Сәулеттік жолнұсқа» еңбектерін аударған. Сондай-ақ балалар әдебиеті бойынша «Қонжықтың хикаялары» сериясы мен «Сандерсон ертегілерін» қазақ тіліне тәржімалаған. Аудармашылық еңбектерінің қатарында Маргарет Митчеллдің «Жел өтіндегі тағдырлар» романының бірінші томы да бар.

Оқырмандар мен қаламгердің тікелей жүздесуіне мүмкіндік берген кездесу еркін әңгіме, сұрақ-жауап және қолтаңба алу сәттерімен жалғасты.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Қос қасиет

22.10.2026

1975

Taza Qazaqstan