Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау бас...

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды

05.05.2026

23

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды - adebiportal.kz

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіліп келеді.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылатын ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады.

Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Толық ақпаратты www.aiboz.kz сайтынан немесе +7 707 333 5610 нөмірі бойынша білуге болады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan