Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Әке мен бала» клубы аясында тағылымды іс-шара өтт...

«Әке мен бала» клубы аясында тағылымды іс-шара өтті

25.11.2025

3453

«Әке мен бала» клубы аясында тағылымды іс-шара өтті - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Әке мен бала» клубы аясында «Әке үлгісі – оқырман бала» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – отбасындағы әке рөлін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкенің ықпалын арттыру және жас ұрпақты кітап оқуға баулу. «Әке үлгісі – оқырман бала» қағидасы – ұрпақ тәрбиесінде әкенің орны ерекше екенін көрсететін мазмұнды ұстаным.

Іс-шара барысында Әке мен бала тақырыбына арналған әдебиеттерден көрме қойылып, қатысушыларға рухани азық болар кітаптар ұсынылды. Жиынды журналист Ернат Рахметолла жүргізіп, мұндай бастамалардың қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.

Аталмыш шараға «Әке мен бала» клубының тұрақты мүшелері, «Әкелер одағы» Астана филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай, Астана қаласының әр ауданынан Әкелер одағының төрағалары балаларымен, ата-аналар, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кештің құрметті қонағы – театр және кино актері, жазушы-драматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нартай Сауданбекұлы: 

«Қазіргі қоғамда әке мен бала арасындағы байланыстың әлсіреуі байқалады. Әке тәрбиесі  – баланың ертеңіне жол көрсететін шамшырақ. Бүгінгідей шаралар осы байланысты бекемдей түседі», – деп атап өтті.

Оқушылар өз әкелерімен бірге оқыған кітаптарын талқылап, өнерлерін көрсетіп, әсерлі кештің мазмұнын толықтырды.

Сондай-ақ, ақын Серік Сейітман, «Алқа» радиосының  «Ата-ана алқасы» жобасының  автор-жүргізушісі және Айгүл Рахметқызы, «Айсын» радио-журналистика  мектебінің директоры, журналист Айсын Мүрсінқызы сынды қонақтар осындай бастамалар – ұлттық руханиятты ұлықтап, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі қадам екенін айтты.

Суреттер ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан алынды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan