Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Алашқа тұлға болған – Тана Мырза...

Алашқа тұлға болған – Тана Мырза

02.03.2026

50

Алашқа тұлға болған – Тана Мырза - adebiportal.kz

​ЕЛ БИЛЕГЕН КӨШБАСШЫ ӘРІ МЫРЗАЛЫҒЫМЕН ТАНЫЛҒАН ТАНА МЫРЗА ТІЛЕМІСҰЛЫНА АРНАЛҒАН «АЛАШҚА ТҰЛҒА БОЛҒАН – ТАНА МЫРЗА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР-МҮШАЙРАСЫ

«Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр-мүшайрасының

ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1. «Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты республикалық жыр мүшайрасының қорытындысы 2026 жылдың  маусым айында Абай облысы, Ақсуат ауданында жарияланады;

2. ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

2.1. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын  Тана Мырза Тілемісұлының есімін жас  ұрпақ санасында жаңғырту,  ұлтжандылық қасиеттерін арттыру, ерлігін дәріптеу арқылы ұлт рухын асқақтату;

2.2. Ұлттық әдебиетімізді   рухты, тың туындылармен толықтыру, қазіргі қазақ поэзиясының талантты өкілдерін қолдау, жаңа есімдердің танылуына жол ашу:

3. ЖЫР МҮШАЙРАСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ:

3.1.Байқауға екі тақырыпқа арнап жазылған шығармалар қабылданады:

1. «Алашқа тұлға болған – Тана Мырза» атты  Тана Мырза Тілемісұлы туралы поэзиялық шығармалар;

2. Еркін тақырыптағы өлең;

3.2  Жыр мүшайрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

3.3. Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 шрифт), жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;

3.4. Жыр мүшайрасына бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа шығармалар ғана қабылданады;

3.5. Тақырыпқа сай келмейтін, көркемдігі төмен шығармалар қазылар алқасына ұсынылмайды.

3.6. Жүлде қорын ұйымдастырушылар тарапы өзгерте алады.

3.7. Мүшайраға қатысушы шығармасын, қысқаша өмірбаянын, суретін,  байланыс нөмірін tana_myrza@mail.ru эл. поштасына   жібереді.

3.8. Жүлдегерлердің жол шығыны жіберуші жақтан төленеді;

4. ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ МЕРЗІМІ:

4.1. Жыр мүшайрасына қатысатын шығармаларды 2026  жылдың мамыр айына дейін жіберуі тиіс ;

4.2. Қабылданған шығармалардың ішіндегі  ең үздік өлең авторлары  2026 жылы масуым айында Абай облысы, Ақсуат ауданында марапатталады.

5. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

5.1. Қазылар алқасы танымал ақындардан құралады.

6. ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

Бас жүлде – 800 000

І орын – 550 000 теңге

ІІ орын - 450 000 теңге.

ІІІ орын - 300  000 теңге

Арнайы жүлде - 150 000 теңге (үш адамға)

 

Ұйымдастырушы:

Тана Мырза атындағы қоғамдық қоры

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan