Әлия Бөпежанова. Қазір адамдар коучтарға көп барады, одан да нағыз көркем шығарма оқыса...
«Әдебиет порталының» «Сәті түскен сұхбат» жобасында әдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежановамен сұхбат болды. Алпысыншы жылғылардың (әдебиеттегі) көркемдік кеңістігін тани алған, әдебиетіміздің бүгінгі үздік үлгілеріне айналған шығармалар жайлы үздіксіз қалам тербеген, әдеби процестің ішкі тамыр соғысын сезініп, қазақ әдеби сынының ең нәзік, ең терең қабаттарына бойлай алған сыншы сұхбат барысында өткеннің естелігімен қоса, бір дәуірдің рухани өзегін құраған тұлғалардың еңбегі, бүгінгі әдеби процесс, әдебиет мәселелері жайындағы ойларын айтты.
