Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды...

Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды

10.01.2026

4772

Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды - adebiportal.kz

Алматыда қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен жаңа кітапханан салтанатты түрде ашылады.

Кітапхананың ашылу рәсіміне Алматы қаласының тұрғындары, қала басшылығының өкілдері, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері және мәдени қауымдастық өкілдері қатысады.

Іс-шара барысында қонақтарға кітапхананың функционалдық және технологиялық мүмкіндіктері таныстырылады – ерекше қажеттілігң бар адамдарға арналған арнайы жабдықталған аймақтар, заманауи компьютерлік зал, балалар аймағы, сондай-ақ жеке және топтық жұмысқа арналған жайлы кеңістіктер. Барлық санаттағы оқырман үшін инклюзивті және қолжетімді орта құруға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар, кітапханада әртүрлі жастағы оқырмандарға арналған тегін үйірмелер, білім беру және шығармашылық сабақтар өткізілетін арнайы кабинеттер қарастырылған.

Жаңа кітапхананың ашылуы қаланың мәдени инфрақұрылымын дамытудың маңызды қадамы болып, алматылықтар баратын үшін жаңа орталыққа айналмақ.

Алматы қаласының әкімдігі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan