Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Алматыда жас қаламгерлердің шығармашылық кеші өтті...

Алматыда жас қаламгерлердің шығармашылық кеші өтті

12.11.2025

2931

Алматыда жас қаламгерлердің шығармашылық кеші өтті - adebiportal.kz

Алматыда Жастар әдебиеті шеберханаларының түлектері өз шығармаларын көпшілік назарына ұсынған ерекше кеш өтті. «Тоталды театр» сахнасында өткен бұл шарада көрермендер жас авторлардың шығармашылық әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Әдеби кешке Алматыдан және еліміздің өзге өңірлерінен келген шеберхана қатысушылары сахнадан өз туындыларын оқып, ойландыратын әрі шабыт сыйлайтын тақырыптармен бөлісті. 

Кеш барысында түрлі жанрдағы прозалық шығармалар мен юморлық диалогтар да ұсынылды. Ал жас ақын әрі музыкант Роман Пушкин өзінің авторлық әнін орындап, кештің әсерлі сәттерінің біріне айналды.

Биылғы Жастар әдебиеті шеберханалары экология тақырыбына арналды. Сондықтан кеште оқылған кейбір шығармаларда адамның табиғатқа әсері, қоршаған орта алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды.

Шараның жылы атмосферасы мен жас қаламгерлердің шынайы шығармашылығы көрермендерді бейжай қалдырмады. Кеш соңында 16–22 жас аралығындағы қатысушыларға сертификаттар табысталып, олар шығармашылық жолдарын әрі қарай жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Жастар әдебиеті шеберханалары – «Шеврон» компаниясы мен Caravan of Knowledge жобасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Алматы ашық әдебиет мектебінің бастамасы. Бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде жазатын 16–22 жас аралығындағы жас авторларға арналған.

Шеберханаларда қатысушылар жазушылық шеберліктің қыр-сырын меңгеріп, шағын проза мен поэзия жазу, көркем мәтінді талдау қағидалары бойынша дәрістер алады. Биылғы маусымда Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Семей, Өскемен, Щучинск қалаларынан және Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстарынан барлығы 26 жас қаламгер білім алды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan