Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Алматыда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арнал...

Алматыда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған поэзия кеші өтті

28.11.2025

3889

Алматыда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған поэзия кеші өтті - adebiportal.kz

Алматы қаласында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік Гимні авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Менің елім – жыр елі!» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен шыққан Жұмекен Нәжімеденовтің таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Поэтикалық кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, Жұмекен Нәжімеденовтің ұрпақтары, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ әдебиетсүйер қауым қатысты.

Кеш соңында Геральдикалық зерттеулер орталығы мен балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газеті бірлесе ұйымдастырған «Туған жерім менің, Қазақстаным» атты әңгімелер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аталған байқау Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына және «Ұлан» газетінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 50-ден астам оқушы қатысты.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Ұлан» газетінің жас тілшілеріне арнайы куәлік табысталды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan