Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Алпысбай академик атанды...

Алпысбай академик атанды

14.03.2026

66

Алпысбай академик атанды - adebiportal.kz

13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Парасат», үшінші дәрежелі «Барыс»  ордендерінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, талантты суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді. 

Бұл – қазақ бейнелеу өнерінің хас талантының ұзақ жылғы еңбегіне берілген үлкен баға. 

Алпысбайдың басты айырмашылығы: көп ізденеді, көп еңбектенеді. Үнемі білімін жетілдіріп отырады. Толдым демейді, болдым демейді. Алпысбайдың табандылығы мен еңбексүйгіштік қасиеттеріне риза болмау мүмкін емес. Оның осы қасиеттері өз нәтижесін бермей қалған жоқ. Ол бейнелеу өнеріндегі өз жолын, дербес стилін қалыптастырды. Алпысбай картиналарында экспрессивтік бір күш бар. Эмоционалдық алабөтен ырғағы қалыптасқан шебердің картиналары көрерменді тартып тұратын қарым-қабілеті осы күшінде жатыр. 

Оның картиналары этнографиялық мазмұн мен ұлттық дәстүрге өте бай. Туындыларында адам жанын, оның психологиялық көңіл күйін әдемі аша біледі. Суретші ұлттық нақыштың контекстінде өзіндік түс ерекшеліктерін тиімді пайдаланатыны да оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтеріп тұр.

Кез келген суретші үшін түс пен кеңістікті сезіне білу – өте маңызды. Осы орайда Алпысбай үлкен биікке көтеріле алды. Жарықты да жақсы көре біледі. Талантты суретшінің картиналарында сюжеттің шиеленісуі мен кульминациясы бір линияда ұштасып жататыны да оның шеберлігі өз шыңына жеткенін көрсетеді. Оның картиналары көрушіге ерекше психологиялық әсер етеді. Туындылары көрерменді живописьтің барлық параметрлері бойынша ынтықтырып қоятыны да суретші шығармашылығының тылсым күшке толы екенін білдірсе керек. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan