Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Әміре» Әзірбайжан Республикасында...

«Әміре» Әзірбайжан Республикасында

22.12.2025

4025

«Әміре»  Әзірбайжан Республикасында - adebiportal.kz

Баку қаласында Ислам елдері ұйымының және Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «OIC CULTURAL FEST - BAKU» атты халықаралық креативті өнер фестивалінде Қазақстан атынан Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Қ.Жүнісовтің «ӘМІРЕ» музыкалық драмасымен  Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыка театрының сахнасында өнер көрсетті.

Еуропа сахнасында қазақ әні - Әміре атамыздың орындауында тұңғыш рет 1925 жылы шырқалды. 
 Биыл ұлы әнші Әміре Қашаубаевтың Парижде өткен ЭКСПО халықаралық көрмесінде ән салғанына - 100 жыл!

Ерекше айтып кетер дүние -  қойылым көрсететін Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театрында осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын, дәлірек айтсақ 1926 жылы 26 ақпан пен 6 наурыз күндері түркітанушылардың І халықаралық құрылтайы өткен екен. Қазақ елінің атынан негізгі баяндаманы Ахмет Байтұрсынов пен Нәзір Төреқұлов жасаған екен. 
 Мұстафа Шоқай атамыздың осы ғимаратта ізі қалған екен. Театрдың осы сахнасында кезінде Әміре Қашаубаев атамыз да ән салған.

Сол ұлы тұлғалардың ізі қалған сахнада Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының артистері  «Әміре» музыкалық драмасымен бабалар рухына тағзым жасалды. 
Әміре Қашаубаев бейнесін - «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, театр артисі Оразалы Игілік сомдады. 
Спектакльдің сахналық нұсқасын жасаған және қоюшы-режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Құрмет» орденінің иегері Асхат Маемиров.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan