Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Анкарада Қайсын Кулиевтің бюсті ашылды...

Анкарада Қайсын Кулиевтің бюсті ашылды

24.11.2025

3634

Анкарада Қайсын Кулиевтің бюсті ашылды - adebiportal.kz

Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында, балқар халқының ұлы ақыны Қайсын Кулиевтің бюсті ашылды. Бюст Анакара қаласының Кечиөрен ауданындағы Кулиев атындағы саябаққа орнатылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткері Дүйсен Қасейінов қатысты.

Бюсттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Месут Өзәрслан Қайсын Кулиевтің өмірі мен шығармашылық жолына тоқтала келіп, «ақынның жырлары халықтар достығының рухани көпірі, түрік тектес елдердің ынтымағы мен берекесінің ұйтқысы» деп атап өтті. 

Ресейдің Түркиядағы елшісі Алексей Иванов өз сөзінде Кулиевтің поэзиясы ұлттық шекарадан асып, әлемдік деңгейге көтерілгенін, тұтас адамзаттың ортақ қазынасына айналғанын баса айта келіп, оның шығармалары жүзден аса тілге аударылғаны соның бір дәлелі екенін тілге тиек етті.

Салтанатты шарада сөз алған ТҮРКСОЙ-дың бұрынғы Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов: «Мен ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы болып қызмет атқарған жылдары, түрік тектес халықтардың ұлы тұлғаларын әлемдік сахнаға шығаруды басты міндеттерімнің бірі ретінде санадымАтап айтар болсақ Кавказ тауларында тұратын қарашай, балқар, ноғай және құмық сынды халықтардың рухани өміріне нәр беретін көптеген іс-шараларды өткізуге ТҮРСОЙ ұйымы мұрындық болды. 2007 жылы Қайсын Кулиевтің 100 жылдық мерейтойы, ТҮРКСОЙ-дың бастамасымен, түрік дүниесінің өнер және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен жоғары деңгейде өткен еді. Қайсын Кулиев тұтас түркі жұртына ортақ ұлы ақын. Оның өлеңдеріне жазылған әндер әлі күнге дейін орындалады. Бүгін де сондай ізгі қуаныштың куәгері болып отырмыз» деді

Салтанатты шара барысында, Кавказ Қарашай-Малқар Түркілері Қауымдастығының төрағасы Хүсметтин Қорқмаз және Ресей жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Аскер Додуев ұйымдастырушыларға арнайы төсбелгі табыс етті.

Бұл шара Ресейдегі түркі тектес халықтардың әдеби ынтымағының көрінісі екені сөзсіз. Түркия төрінде балқардың ұлы ақынына бюст орнатуы, Ресей мен Түркия қарым қатынасы руханиат әлеміне көтерілгенінің белгісіндей болды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan