Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Ақ бастау» әдеби байқауы қорытындыланды...

«Ақ бастау» әдеби байқауы қорытындыланды

12.03.2026

463

«Ақ бастау» әдеби байқауы қорытындыланды - adebiportal.kz

«Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы қалалық кітапханада Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабиден Құлахметтің туғанына 70 жыл толуына орай жарық көрген жинақтардың таныстырылымы мен «Ақ бастау» әдеби байқауының марапаттау рәсімі өтті», - деп хабарлайды, ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Шара барысында қаламгердің «Үйірі жоқ көкжал», «Жұртым деп жортқан бір жалғыз», «Алғадай» туындылары оқырманға жол тартты. Сонымен қатар Ғабиден Құлахмет атындағы қоғамдық қоры мен «Ақ желкен» журналы бірлесе ұйымдастырған «Ақ бастау» байқауы жүлдегерлерінің шығармалары да жеке жинақ ретінде жарық көрді.
Жазушы Ғабиден Құлахметтің ұлдары Ғазиз және Шыңғыс Ғабиденұлдары демеушілік жасаған «Ақ бастау» республикалық әдеби байқауына еліміздің әр өңірінен 76 шығарма келіп түскен. Қатысушылар өлең, баллада, поэма, әңгіме, новелла, хикаят және фэнтези жанрларында жазылған туындыларын ұсынды. Шығармаларда жасөспірімдердің өмірі, білімге ұмтылысы, рухани құндылықтар, тарихи және әлеуметтік тақырыптар кеңінен қамтылған.
Нәтижесінде: Бас жүлдені Бекзат Смадияр («Ақ дүние» әңгімесі үшін), І орынды Есболат Айдабосын («Бала Кенен» хикаяты үшін) қанжыласа, ІІ орынды Назира Оралбайқызы («Күнделік» әңгімесі үшін) мен Қанағат Әбілқайыр («Қара ат» әңгімесі үшін) еншіледі. Ал ІІІ орын Ділдәр Мамырбаеваға («Zerde – қазақы болмысты робот» хикаят үшін),
Мәрлен Ғилымханға («Смартфонсыз дүние» өлеңдер топтамасы үшін) және Жақсылық Қазымұратұлына («Ақ өзен» хикаяты үшін) бұйырды. Сонымен қатар
Айгерім Иебекова («Құрқылтайдың ұясы» хикаяты үшін) мен Ернұр Сейдахмет («Футболшы Месси» поэмасы үшін) Ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan