Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақерке Асан әдеби сұхбатқа шақырады...

23.02.2023 1520

Ақерке Асан әдеби сұхбатқа шақырады 14+

Ақерке Асан әдеби сұхбатқа шақырады - adebiportal.kz

2023 жылы 25 ақпан сағат 13:30-да ақын, әдебиеттанушы Асан Ақеркемен әдеби сұхбат және автордың «Айша бибі» жыр жинағының тұсаукесері өтеді.

Асан Ақерке – ақын, әдебиеттанушы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы. 2016 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде  әдебиеттану мамандығы бойынша магистрлік білім алған. Қазір докторант. Мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген «Ақзер», «Айша бибі» жыр жинақтарының авторы. 

Асан Ақеркенің өлеңдері, әдебиеттану, әдеби сын бағытында жазған мақалалары, сұхбаттары мен ғылыми  мақалалары  республикалық және халықаралық басылымдар мен сайттарда жарияланып келеді.

2022 жылы «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен жарыққа шыққан «Айша бибі» жыр жинағы еліміздің барлық кітапханаларына таратылды. Кітапта ақынның махаббат, жастық сезім сипатында жазылған лирикалық жырларымен қатар тарихи тұлғаларға арналған ой-толғамдары поэзия тілімен өрнектелген.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар