Ақтамберді Сарыұлының туғанына 350 жыл толуына арналған «Ерлікті-елдікті жырлаған – Ақтамберді» республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді.
1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже қазақтың көрнекті жырауы, батыр, қолбасшы, мәмілегер Ақтамберді Сарыұлы туғанына 350 жыл толуына арналған республикалық ақындар мүшәйрасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2 Мүшәйраның мақсаты – Ақтамберді жыраудың тарихи тұлғасын, ерлік рухын, елдік мұратын кеңінен насихаттау, ұрпақтың бойына отансүйгіштік ұлы сезімді дәріптеу, ұлттық поэзияны дамыту, дарынды ақындарды қолдау, сондай-ақ Ақтамберді жыраудың ізі қалған өңірдің бай тарихын, табиғаты мен мәдени мұрасын жырлау.
2. Мақсаты мен міндеттері
2.1 Ақтамберді Сарыұлының әдеби-тарихи мұрасын дәріптеу;
2.2 Ақындардың шығармашылығын қолдау;
2.3 Ел бірлігі, тәуелсіздік, отансүйгіштік құндылықтарын насихаттау;
2.4 Өңірдің тарихи орындарын, көркем табиғатын, ұлттық құндылықтарын поэзия арқылы таныту;
2.5 Қазақ поэзиясының көркемдік деңгейін көтеруге үлес қосу.
3. Ұйымдастырушылар: Аягөз ауданының әкімдігі және Қазақстан Жазушылар одағының Абай облыстық филиалы
Ұйымдастыру комитеті:
3.1 Мүшәйраны ұйымдастырады;
3.2 Қазылар алқасын бекітеді;
3.3 Марапаттау рәсімін өткізеді.
4. Мүшәйраның шарттары
4.1 Жыр мүшәйрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
4.2 Байқауға тек бір өлеңмен қатысуға болады. Жіберілген өлең екі беттен аспауы керек;
4.3 Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған жырлар ғана қатыса алады;
4.4 Жыр бәйгесінің шартына сай келмейтін, көркемдігі төмен шығармалар қазылар алқасының талқысына ұсынылмайды;
4.5 Өлеңдер электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14-шрифт, жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен ұсынылуы қажет;
4.6 Мүшәйраға қатысушы шығармасын, қысқаша өмірбаянын, байланыс нөмірін, өзінің толық аты-жөнін, мекен-жайын aktamberdi350@mail.ru электрондық поштасына жіберуі керек;
4.7 Мүшәйраға жіберілген шығармалар шілде айының 20-на дейін ғана қабылданады;
4.8 Жүлде алған шығармалардың авторлары биыл 25.07.2026 ж. өтетін мерейтой кезінде марапатталады;
4.9 Үміткерлер баратын жердің жол шығынының жатын орнын өздері көтереді;
4.10 Қазылар алқасы белгілі әдебиетшілер мен ақындардан құралады. Қазылар алқасы мүшелерінің аты-жөні жария етілмейді, қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.
4.11 Мүшәйраға қатысқан ақындардың жырлары алдағы уақытта жеке жыр жинағы етіп шығару мүмкіндігі қарастырылуда.
4.12 Қазылар талқысына ұсынылатын шығармалардың авторлары көрсетілмейді. Қазылар ұсынылған шығармалардың ережеге сәйкес салыстыру арқылы бағасын береді.
5. Байқаудың өткізілу кезеңдері
І кезең
5.1 Құжаттарды қабылдау.
ІІ кезең
5.2 Қазылар талқысына ұсыну.
ІІІ кезең
5.3 Финалдық кезең.
IV кезең
5.4 Жеңімпаздарды марапаттау.
Мүшәйраның жүлде қоры:
* Бас жүлде – Автокөлік;
* Бірінші орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
* Екінші орын – 750 000 (жеті жүз елу мың) теңге;
* Үшінші орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
* Төртінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
* Бесінші орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
