Ақын Бекжан Әшірбаев дүниеден өтті

19

Ақын Бекжан Әшірбаев дүниеден өтті - adebiportal.kz

Дарынды ақын, талантты сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлықтарының лауреаты Бекжан Әшірбаев мезгілсіз дүниеден өтті. 

Әшірбаев Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» ауылында дүниеге келген. - айтыс ақыны, сазгер, журналист, жазушы. 1996 жылы ҚазҰУ-ді бітірген. 2002-2006 жылдары «Қазақ университеті» газетінің редакторы, 2005-2006 жылдары Республикалық «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары, 2006 жылы Республикалық «Ел мен Жер» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы, 2007 жылы Республикалық «Жас қазақ үнi» газетi бас редакторының орынбасары, 2008 жылы «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген «Қоңыр әуен» өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.

1989 жылдан бері республикалық ақындар айтысына қатысып келеді. Қазақ еліне әнші Тоқтар Серіктің орындауындағы «Көршінің қызы» деген әнімен танылған әуесқой сазгер.

«Әдебиет порталы» ұжымы ақынның отбасы, туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен барша қаламдастары мен қалың оқрманға қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan