Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Астанада Есенберлиннің 110 жылдығына арналған алқа...

Астанада Есенберлиннің 110 жылдығына арналған алқалы жиын өтті

15.10.2025

4030

Астанада Есенберлиннің 110 жылдығына арналған алқалы жиын өтті - adebiportal.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде, қаншама тарихи туындылардың авторы, әйгілі қаламгер Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына қатысты «Ұлт руханиятындағы Ілияс Есенберлин мұрасы» тақырыбында іс- іс-шара өтті.

Аталған шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Ілияс Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясымен сондай-ақ Ақмола облысы Атбасар қаласындағы Ілияс Есенберлиннің әдеби музейімен бірлесіп ұйымдастырған екен.

Шараның басты мақсаты  Ілияс Есенберлиннің тарихи және әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, сол арқылы жас ұрпақтың бойына мемлекетшілдік рухты сіңіріп, тұлға танымына деген құрметін арттыру.

Алқалы жиынды Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі директорының орынбасары Ибраева Ақмарал Ғосманқызы жүргізіп, сөз әлхисасын былай деп бастады.

 

«Қазақ әдебиетінің алтын қорында өз орны бар қаламгер, «Көшпенділер» трилогиясы арқылы халқымыздың тарихы мен тағдырын көркем тілде зерделеп, жас ұрпаққа ұлттық сананы сіңірген Ілияс Есенберлиннің шығармашылық мұрасы – ұлтымыз үшін сарқылмас қазына. Оның әрбір шығармасы – елдікті, ерлікті, рухани құндылықтарды дәріптейтін ұлы туындылар.

Атаулы іс-шара жас ұрпақты тарихи санамен сусындатуға, ұлттық рухты асқақтатуға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Іс-шараға атсалысып отырған Атбасар қаласындағы Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінен арнайы келген әріптестерімізге, мектеп ұжымына, сондай-ақ қатысушы барша қауымға шынайы алғысымызды білдіреміз. 

Бүгінгі басқосу рухани байланыстарымызды нығайтып, Ілияс Есенберлин мұрасының мәнін терең ұғынуға жол ашатынына  бек сенемін. 

Небары он бес жылда он жеті роман жазып, ол еңбектерін тарихи дәйектермен сипаттаған ұлы қаламгердің мұрасы – барша қазақтың байлығы. Ілияс Есенберлиннің әрбір тарихи романына, өзге де шығармаларына жеке-жеке тоқталуға да болар еді. Бірақ жазушының шығармашылығын мұндай  бір ғана іс-шара барысына сыйғызу еш мүмкін емес. Бүгінгі басқосу рухани байланыстарымызды нығайтып, Ілияс Есенберлин мұрасының мәнін терең ұғынуға жол ашатынына шын сенемін. Іс-шарамызға  алтын уақыттарыңызды бөліп келген баршаңызға шын алғысымды білдіремін» деді өз сөзінде.

Сонымен бұл жиынға Астана қаласы Назарбаев Университетінің профессоры Айгүл Ісімақова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы  Сағымбай Жұмағұл, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қарасты Қазақстан – Беларусь ғылыми зерттеу орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қалиев Жабай Нұрмақұлы, І. Есенберлиннің ұрпағы – Есенберлин Мағжан Қозыкөрпешұлы, І.Есенберлиннің әдеби музейі меңгерушісі – Комбатурова Ұлболсын Даниярқызы, І.Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназия оқушылары мен ұстаздары және М.Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледж студенттері қатысты.

І. Есенберлиннің ұрпағы, Есенберлин Мағжан Қозыкөрпешұлы «Есімімді Мағжан деп ырымдап  қойған да атам екен. Ол кісі  менің кішкентай кезімде дүниеден озғандықтан көп тәрбиесін көрген жоқпын. Әке-шешемнен сұрасам біздің үйден қонақ үзілмейді екен. Атам өте бауырмашыл өте еңбекқор адам болған екен. Әрине, мұндай ұлы тұлғаның аты ешқашан өшпейді деп есептеймін. Ұрпағы ретінде осы шараны мұрындық болып ұйымдастырып отырған сіздерге айырықша алғысымды білдіремін» деп сөзін түйіндеді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan