Астанадағы №13 «Creative centre» қалалық кітапханасында Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан әдебиетіндегі таңдаулы 100 кітапты бірге оқиық» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларына арналған қалалық байқау өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында оқырман мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, білім мен рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау. Байқауға елордалық мектептерден 100-ге жуық оқушы қатысты.
Қатысушылар қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын оқып, мазмұнын талдап, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Атап айтқанда, олар Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі», Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Софы Сыматаевтың «Елім-ай» шығармаларын оқып келген.
Байқау барысында оқушылардың шығармашылық ізденісі, мәтінді түсіну деңгейі, кітапқа деген танымдық көзқарасы қазылар алқасының бағалауы бойынша анықталып, белсенді қатысушылар мен үздік шыққан оқушылар марапатталды.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды.
5–6 сыныптар арасында:
1 орын – Сапарбекқызы Айгерім
2 орын – Хызайхан Айша
3 орын – Нурала Айару
7–8 сыныптар арасында:
1 орын – Бексұлтанова Еркеназ
2 орын – Айтахметова Жібек
3 орын – Муратбек Алтынай, Батырханқызы Шынар
9–11 сыныптар арасында:
1 орын – Шүкір Темирлан
2 орын – Манат Ясмин
3 орын – Изатулла Аружан
Аталған байқау Астана қаласында кітап оқу мәдениетін дамытуға, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
