Астанада жас қаламгерлердің әдеби форумы өтеді
Форумға аға буын қаламгерлер, әдебиет сыншылары, әдебиетші-ғалымдар, сондай-ақ жас ақын-жазушылар қатысады.
Қазақстан Жазушылар одағының және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 тамыз күні «Сөз өнері: Жасампаз жас қалам» атты республикалық әдеби форум өтеді.
Форумға Астана, Алматы қалаларынан, Ұлытау, Қарағанды облыстарынан аға буын қаламгерлер, әдебиет сыншылары, әдебиетші-ғалымдар, сондай-ақ жас ақын-жазушылар қатысады.
Өтетін уақыты: 10 тамыз, 2026 жыл. Сағат: 10:30
Өтетін орны: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
