Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ауылға кітап акциясы: кітаптан үлкен сыйлық жоқ...

14.02.2023 1542

Ауылға кітап акциясы: кітаптан үлкен сыйлық жоқ 14+

Ауылға кітап акциясы: кітаптан үлкен сыйлық жоқ - adebiportal.kz

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мерекенің басты мақсаты – адамзатты кітап оқуға шақыру, адамзаттың ұлы құндылығы болған кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Мереке аясында Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана Түркістан облысы әкімдігінің бастамасы - «Алтын қорға үлес қос: Ауыл кітапханаларына 20000 кітап» акциясын қолдай отырып, «Ауылға кітап» акциясын жариялаған болатын. Бүгін атаулы мерекеге орай Ұлттық академиялық кітапхананың төріне қаламгерлер мен қалың оқырман қауымы жиналды. Жиналған зиялы қауым «Ауылға кітап» акциясына белсене қатысып, өздерінің жеке кітапханасындағы кітаптары мен авторлық еңбектерін кітапхана ұжымына тапсырды. Қаламгерлер мен оқырмандар тарабынан Алтын қорға жиналған кітаптар Түркістан облысындағы ауыл кітапханаларына тапсырылатын болады. Оқырмандарға Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Ауылға кітап» акциясынан арнайы фоторепортаж ұсынамыз. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар