Бақытжан Бұқарбай. «Мемлекет балаларды әлеуметтік желіден шектеу керек»

Жазушы, баспагер, саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай Dala podcast-қа берген сұхбатында зейінді әрі зерек ұрпақ тәрбиелеу үшін балалардың әлеуметтік желіге ерте жастан тіркелуіне мемлекет тарапынан шектеу қойылуы тиіс екенін баса айтты.

31

Бақытжан Бұқарбай.  «Мемлекет балаларды әлеуметтік желіден шектеу керек» - adebiportal.kz

Ол:  «Гаджеттерге толықтай  «кіріп кету» және зейінді ұзақ уақыт шоғырландыра алмау – жас ұрпақты терең талдай алу қабілетінен толықтай айырады»,-дейді. Жазушы студенттермен кездесулерде, олардың соңғы бір жыл ішінде оқыған бірде-бір кітаптың атын атай алмағандығын өкінішпен  жеткізді.  «Бұл жас буынның виртуалды өмірге еніп, шынайы өмірден қаншалықты алыстап кеткенін айқын көрсетіп отыр»,- деп ойымен бөлісті.

Сол себепті, саяси сарапшы, 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне мемлекет шектеу қоюы тиіс деп санайды. Ол жас ұрпақты виртуалды хаостан құтқарып, кітап бетіндегі нағыз білімге зейін қою мақсатында заңнамалық шектеулерді дұрыс пайдалану керектігін ортаға салды. Түрлі әлеуметтік желілерден гөрі ұрпақ үшін мазмұнды әрі пайдалы болатын балама нұсқалар ойластыруды ұсынып отыр.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan