Мемлекет басшысы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдады. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойылды.
«Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
