Бауыржан Ширмеденұлы: «Ақкиіз» тарихи драмасын не үшін бардым?
Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер одағының мүшесі, 2025 жылғы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлығының иегері Бауыржан Ширмеденұлымен болған сұхбатқа қаламгердің шығармашылық әлемі арқау болды. Сұхбатта сондай-ақ өлеңдер оқылып, өңірлік баспасөз мәселелері мен айтыс өнерінің бүгінгі аяқ алысы жайында да ой бөлісілді.
