Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бекқожа Жылқыбекұлының шығармашылығына арналған ко...

27.04.2023 1590

Бекқожа Жылқыбекұлының шығармашылығына арналған конференцияға шақырамыз 14+

Бекқожа Жылқыбекұлының шығармашылығына арналған конференцияға шақырамыз - adebiportal.kz

Сіздерді әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Бекқожа Жылқыбекұлының 60 жастық мерейтойына орай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған «Қазақ, қытай тілі мен әдебиетінің даму беталысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз. 

Мекенжайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11.

Бекқожа Жылқыбекұлы 1980 жылы ҚХР Іле аймағы Тоғызтарау ауданы Тікарық ауылындағы 3 орта мектепті бітірген соң, Шыңжаң университетінің Тіл-әдебиет факультетіне оқуға түседі. 

1985 жылдан бастап Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық инстутында тіл-әдебиет мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге «Жазушылық білімі», «Қазақ әдебиет тарихы» және «Осы заман қытай әдебиеті» қатарлы сабақтардан дәріс оқыған. Осы жылдары Бейжің қаласындағы танымал оқу орындарының бірі Орталық Ұлттар институтында білім жетілдірумен бірге Сандоң педагогикалық университетінің магистратурасында арнаулы «Қытай әдебиеті» мамандығы бойынша білім алады. Бұдан әрі ғылыми-зерттеу бағытын айқындап, «Өлең теориясы» саласында ізденіс жасауға кіріседі. Сөйтіп 1995 жылы Атажұртқа қоныс аударған соң да, осы тақырып бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор Құныпия Алпысбаевтың жетекшілігімен «Қазақ өлеңі: көркемдік және дәстүр жалғастығы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. 

«Өкінішке қарай, «Идеологиялық бетбұрыс кезеңі: егемендік алғаннан кейінгі қазақ өлеңі және жаңа дәуірдегі қытай поэзиясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғауға арналған ғылыми еңбегім дайын болып қалғанда ғылыми еңбекті қорғаудың көне жүйесі жабылып, PhD докторлық жаңа жүйе оның орнын басты да, еңбегіміз жол ортадан үзіліп қалды. Алайда оны реттеп, жүйелеп, жаңғыртып және толықтырып «Өлеңнің өзегі» атты монографияға айналдырып, өлең өнерінің қыры мен сырын білгісі келетін оқырмандарға ұсынғаныма бек қуаныштымын. Әне сол секілді қазақ, қытай тілі мен әдебиеті жайлы ғылыми зерттеу еңбектерімнің де оқулық және оқу құралдары ретінде үнемі арты-артынан жарыққа шығып жатқандығын ескере отырып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіміздің 2023 жылдың 28 сәуірінде менің 60 жылдық мерейтойыма орай «Қазақ, қытай тілі мен әдебиетінің даму беталысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірібиелік конференция өткізуді жоспарлап отырғандығы мені шабыттандырды десем болады», - деп ағынан жарылған ғалым Бекқожа Жылқыбекұлы барша оқырманды ғылыми-конференцияның қонағы болуға шақырады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар