Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бердібек Соқпақбаевтың  100 жылдығына арналған шығ...

15.10.2024 743

Бердібек Соқпақбаевтың  100 жылдығына арналған шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды 14+

Бердібек Соқпақбаевтың  100 жылдығына арналған шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды - adebiportal.kz

Алматы облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен  15 қазан күні сағат 11.00-де көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың  100 жылдығына арналған шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі әрі қаламгердің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Шараның негізгі мақсаты – қазақ руханиятының көрнекті өкілі, балалар әдебиетінің классигі, ақын Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау, артында қалған әдеби мұраларын жаңғырту, жазушы есімін болашаққа жеткізу жолындағы рухани жұмыстарды жалғастыру. Республикалық байқау 2024 жылдың 10 ақпанында басталып, конкурстық жұмыстар 31 наурызға дейін қабылданды. Байқауға еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, ерекше белсенділік танытты.

Бұл байқау кез келген жас автордың шығармашылық дамуына, дүниетанымы мен рухани білімін жетілдіруге тамаша мүмкіндік берері сөзсіз.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері, облыстардан үздік шыққан оқушылар, ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты. 

Сонымен, қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың ғасырлық тойына арналған шығармашылық байқаудың нәтижелері мынандай болды:

Ынталандыру сыйлығымен Алматы қаласы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Арын Айғаным Жарасқызы марапатталды.

3-орынды Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылынан келген Ясмин Нұржанқызына жеңіп алды.

Тағы бір 3-орын Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаттың оқушысы Нұрғали Нұрайым Жасұланқызына бұйырды. 

Соңғы 3-орынды Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылының оқушысы Абдиманап Аясын Бақытжанұлы жеңіп алды. 

2-орынды Ақмола облысының оқушысы Еркеназ Серікқызы жеңіп алды. 

2-орынды Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, 125 Hing School оқушысы Амир Арсыланұлы жеңіп алды. 

1-орын Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушысы Жәдігер Ернар Айбекұлына бұйрса, Бас жүлдені Ақмола облысының оқушысы Нұртас Сьезұлы жеңіп алды. 

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық байқауға жиналған зиялы қауым, сөз соңында Б.Соқпақбаевтың шығармашылық жолына, өміріне байланысты деректерді жас-өспірім оқушыларға баян ете отырып, қаламгерлік жолға бет бұрған жас буынға сәт сапар тіледі. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар