Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының тұсаук...

Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының тұсаукесері өтті

14.10.2025

4500

Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының тұсаукесері өтті - adebiportal.kz

ҚР Ұлттық кітапханасында жұртшылыққа «Қазақтың Тереза анасы», «Бибі-Ана» деген есімдермен кеңінен мәшһүр, көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Бибі-ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының орыс және түрік тілдеріндегі аудармаларының, нүктелі-бедерлі қаріппен (Брайл шрифтімен) басылған нұсқасының тұсаукесері және оқырмандармен кездесуі кеші өтті. 

Кездесу кешінің тізгінін Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов ұстады. Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы кіріспе сөзбен ашып беріп, көрнекті жазушының шығармашылығына тоқталып өтті. Профессор, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, әдебиет сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Любовь Шашкова, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұрысбек Сәукетаев жазушының тұсауы кесілгелі отырған «Бибі-Сана» кітабының маңыздылығы мен қазіргі қоғам үшін өзектілігін тілге тиек етті. 

Бұған қоса, «Көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ директоры Асхат Байұзақов, Брайль кітаптарын шығару бөлімінің Брайль жүйесі бойынша кітапханашы, редактор Нұрия Баймұратова «Бибі-Сана» кітабының нүктелі-бедерлі қаріппен (Брайл шрифтімен) басылған нұсқасы туралы баяндама жасап, толыққанды ақпарат берді. 

Кеш соңында Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов Бибігүл Иманғазинаны «Бибі-Сана» кітабының тұсаукескерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. Сонымен қатар, қазақы дәстүрмен авторға ҚР Жазушылар одағы атынан сый-сыяпат табыстады.

ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan