Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«BOOKFEST - 2025» кітап фестивалі өтеді...

29.09.2025 62

«BOOKFEST - 2025» кітап фестивалі өтеді

«BOOKFEST - 2025» кітап фестивалі өтеді - adebiportal.kz

Meloman/MARWIN дүкендер желісінде 2025 жылдың 1–31 қазан аралығында барлық қала дүкендерінде дәстүрлі «BOOKFEST - 2025» кітап фестивалі өтеді. 

BOOKFEST жыл сайын мыңдаған оқырманды біріктіріп, елдің мәдени-ағартушылық өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналған.

Фестиваль бағдарламасында:

  • үздік кітаптар жеңілдік бағамен;
  • сыйлықтар мен тосынсыйлар ұтысы;
  • отандық һәм шетелдік авторлармен кездесулер;
  • танымал кәсіпкерлермен ашық сұхбаттар;
  • шеберлік сағаттары, дәрістер және автограф-сессиялар болады.

BOOKFEST — бұл тек кітап сатып алу ғана емес, түрлі жастағы қызығушылығы әртүрлі адамдарды біріктіретін нағыз кітап мерекесі.

«Біз үшін ең бастысы – әлемдік кітап жауһарларын тауып, оқырманға ұсыну және қоғамда оқу мәдениетін өмір салтына айналдыратын орта қалыптастыру. BOOKFEST — бұл біздің оқу мәдениетін дамытуға, отандық авторларды қолдауға және әдебиетті кең аудиторияға насихаттауға қосқан үлесіміз. Біз кітаптар адамдарға шабыт беріп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашса дейміз», — дейді ұйымдастырушылар.

BOOKFEST кітап фестивалі Meloman/MARWIN желісімен 2020 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді және осы уақыт ішінде Қазақстандағы ең ірі кітап индустриясына айналды. Фестиваль жыл сайын оқырмандарды, авторларды, баспагерлерді және кәсіпкерлерді біріктіріп, білім алмасу, диалог құру арқылы оқу мәдениетін ілгерілету жолында жұмыс істейді.  


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар